Жаңалықтар

Ведомствоаралық комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен құқықбұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында атқарылған жұмыстардың қорытындылары, өзгенің мүлкін ұрлау мен алаяқтықтың, қаржы пирамидалары мен экономикадағы көлеңкелі қызметтің алдын алу жұмыстары қаралды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және қылмыстың басқа да түрлерінің алдын алу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Оның ішінде, өңір басшысы бөтен мүлікті ұрлаудың тіркелген фактілері санының 22,3%-ға төмендеуіне қарамастан, аудандар бөлінісінде Ырғыз, Ойыл, Шалқар, Хромтау және Темір аудандарында өсім байқалатынын атап өтті. Осыған байланысты аталған аудандарда жұмыстарды күшейту тапсырылды.

Сондай-ақ, 2024 жылы қоғамдық көліктер бейнекамералармен жарақтандырылуы тиіс. Бұл қалта ұрлығын дереу анықтауға және жоюға мүмкіндік бермек. Жалпы, қылмыстардың алдын алу үшін ақпараттық-түсіндіру бағытындағы шараларды қолға алу керектігі атап өтілді.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button