Басты жаңалықтарЭкономика

Ақтөбе — инвесторлар үшін тиімді өңір

Соңғы жылдары облыс экономикасы қарқынды дамып келеді. Инвестор үшін тиімді өңір саналатын Ақтөбе облысына жыл соңына дейін 1,1 триллион теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Биылғы меже — 1,1 триллион теңге инвестиция

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұртуған Уралбаевтың айтуынша, қазір аймақта жыл соңына дейін және келер жылы жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар негізінде жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүйелі түрде инвестиция тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, биылғы 10 айда өңір экономикасына 804,4 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл — өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 8,2 пайызға артық.  Жыл соңына дейін 1,1 триллион теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр, — деді ол.

Биыл өңір үшін маңызды және ірі жобалар іске қосылды. Соның бірі — ERG компаниясыныңДөң тау-кен байыту комбинатында 1973 жылдан бастап жинақталған шламды өңдеу жөніндегі байыту фабрикасы. Аталған өндіріс орнында 270-тен астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Ішкі нарықты қажетті мұнай жабдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында да биыл бірқатар инвестициялық жоба іске қосылды. Бүгінгі таңда 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «Қазақстандық мұнай жабдығы зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мобильді бұрғылау қондырғыларын және отыз адамды жұмыспен қамтыған «Мұнайхим ЛТД» ЖШС мұнай-химия реагенттерін өндіретін зауыттардың облыс экономикасын дамытудағы үлесі зор.

Өңірде азық-түлік өнеркәсібі саласындажұмыс істеп тұрған ірі кәсіпорын «АЙС+» ЖШС биыл балқытылған сүт өндіру цехын іске қосты.  Мұндай жобалар аймақта жұмыссыздық деңгейін азайтуға едәуір ықпал етті.

«Жасыл дәліз» инвестициялық тартымдылықты арттырады

Нұртуған Уралбаевтың айтуынша, келер жылы да өңірге инвестициятарту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасатын болады. 2024 жылға арналған инвестиция жоспары  — 1,3 триллион теңге.

Бұған дейін қажетсіз болып келген қой жүніне келер жылдан бастап аймақта сұраныс артпақ. Инвестициялық жобалардың қатарында бірегей зауыт — «ҚазФилТэк» ЖШС салу жоспарда бар. Бұл жоба аясында қой жүні негізінде жылу оқшаулағыш құрылыс материалдары шығарылатын болады.

Бұдан басқа «Қазақстантемір жолы» ұлттық компаниясының қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз ететін 800 метрлік жіксіз рельстер шығаратын зауыттың(«ПЗТМ LTD» ЖШС), Ақтөбе облысының ғана емес, сонымен қатар елдің батыс өңірлерінің қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін («QazCementIndustries» ЖШС) цемент өндіретін зауытқұрылысы алдағы жылы басталмақ. Сондай-ақ облыстың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, яғни кәдеге жарату қуаты 100 МВт-қа дейін және 155 МВт-қа дейінгі жел электр станциясы сияқты ERG компаниясының жобаларын жүзеге асыру міндеті тұр. Сонымен қатар медицина саласын дамыту мақсатында Орхун Медикал ядролық медицина орталығы бар көпсалалы клиниканың құрылысын бастау жоспарланып отыр.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз ететін 800 метрлік жіксіз рельстер шығаратын зауыт — ірі инвестжобалардың бірі. Бұл өндіріс орны 2025 жылы пайдалануға берілмек. Инвестиция көлемі — 16 миллиард теңге. Егер осы жоба сәтті жүзеге асырылса, 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Жобаның қуаты — жылына 70 мың тонна рельс шығаруға жетеді, — деді Нұртуған Уралбаев.

Егер бұл ауқымды жоба іске асса, «Қазақстан темір жолы» компаниясының  шығандарын оңтайландырмақ. Бұл,отандық қамту үлесін 100 пайызға жеткізбек.

Қазіргі күні Ақтөбедегі рельс-арқалық зауыты маңынан ауданы 43,6 гектар, ұзындығы 2,9 шақырымдық жер учаскесі анықталған.  Нұртуған Уралбаевтың айтуынша, жаңа өндіріс орнында шығарылатын 800 метрлік рельстерді жеткізу бойынша «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен 10 жыл мерзімге, яғни  ұзақ мерзімді шарт жасасу мәселесі пысықталуда. «Қазіргі күні аталған жоба аясында инвестициялық келісімшарт жасасу, атап айтқанда заттай грант алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Келешекте «ПЗТМ LTD» серіктестігі «Қазақстан темір жолы» компаниясы үшін темірбетон шпалдарын өндіру жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Жалпы, барлық инвестициялық жоба үшін «жасыл дәліз» қағидаты ұйымдастырылған. Аталған жобаларды іске асыру кезеңдері облыс басшылығының жеке бақылауында, — деді Н.Уралбаев.

Қолайлы орта, рекордтық көрсеткіш

Экономиканы ілгерілетуде инвестициялық қолайлы ортаны қалыптастырудың маңызы зор. Мемлекет басшысы айтқандай, бүгінде еліміз инвестиция салуға қолайлы мемлекетке айналып үлгерді. «Қазір шетелдік те, отандық та инвесторлардың жұмыс істеуіне жағдай жасалып жатыр. Мәселен, 2022 жылы Қазақстанға 28 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Бұл — соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Ал биылғы қаңтар-сәуір айларындағы негізгі капиталға тартылған инвестицияның жалпы көлемі 3,8 триллион теңге болған, бұл —  2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18 пайызға көп. Жалпы ішкі өнім 104 триллион теңгеге жетті», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл орайда Мемлекет басшысы жалпы ұлттық экономиканың көлемін 2029 жылға дейін екі есе арттырып, 150 миллиард долларға жеткізу қажет екенін айтқан еді. Ол үшін әр салаға инвестиция тартып, инвесторларға қолайлы жағдай жасауды одан әрі жалғастыру керегін тілге тиек етті.

Жаңа электр станциясы зауыт қажеттілігін өтейді

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы нақты еңбек секторы мен нарығының тұрақты және серпінді экономикасымен сипатталады. Шетелдік және отандық инвесторлардың аймаққа көптеп шоғырлануы, соның нәтижесінде ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы да осының нәтижесі.

Аймаққа инвесторлардың келуін ынталандыру — облыстың экономикалық дамуының негізгі міндеттерінің бірі. Біз осындай мүмкіндіктерді пайдалана отырып, аймақта өндірістердің дамуына барынша ықпал етуге тырысамыз. Біздің міндет — өзіміздегі бәсекелестік артықшылықтарымызды неғұрлым көбірек пайдалана отырып, экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізу, — деді басқарма өкілі.

Келер жылы қолға алынатын инвестициялық жобалардың бірі — Ақтөбе ферроқорытпа зауытын жаңғырту бағдарламасы аясында «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы өңірімізде утилизациялық электр станциясын пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Электр станциясының құрылысы 50 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Мұның негізінде 30 жаңа жұмыс орны құрылмақ.Жоспарланған жылдық өндіріс көлемі — 100 МВт өндірілген электр энергиясы, бұл Ақтөбе ферроқорытпа зауытының ішкі қажеттілігін жабады. Технологиялық ерекшелігі —  феррохромды балқыту кезінде ферроқорытпа пешінде хром кені мен көміртекті тотықсыздандырғыштың өзара әрекеттесуінің тотығу-тотықсыздану процесінің өнімі саналатын ферроқорытпа газдарын қолдану, — деді Н.Уралбаев.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button