АуылЖаңалықтар

Экспедиция Әйтеке би ауданын аралады

«Ауыл аманаты — бабалар аманаты» ақпараттық насихат тобы тұрғындарға жобаның мақсат-міндетін түсіндіріп, аталған бағдарлама аясында кәсіп ашқан тұрғындармен кездесті.

Облыста жұртшылықтың ауылда еңбек етіп, тиісінше тұрақтауына бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының қай тараптан да үлкен қолдау тапқаны белгілі. Әйтеке би ауданында аталған бағдарлама бойынша 70 өтінім берілген. Соның ішінде 53 жоба мақұлданып, несие қолына тиген  23 адам кәсібін бастап жатыр.  Жалпы несие сомасы — 96 миллион теңге.

Экспедиция мүшелері ауданның Құмқұдық, Жабасақ ауылдарын аралады. «Ақтөбе» ӘКК басқармасы төрағасының орынбасары Ашур Алмасов пен облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары  басқармасының шағын несиелеу бөлімінің басшысы Бағдат Қожамұрат тұрғындарға «Ауыл аманаты» жобасының маңызын түсіндіріп, аталған бағдарламаның жеке кәсіп ашуға ниетті азаматтарға мол мүмкіндік беретінін жеткізді. Жалпы өңірде несие алып, кәсіп бастауға ниет етіп отырған тұрғындардың қатары көп.

Материалдың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Кәмшат ҚОПАЕВА

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button