Жаңалықтар

Еңбек еленген сәт

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесімен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық инспекциясы қызметкерлерін марапаттау шараларын мекеме басшысы Кеңес Қанатбаев пен «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы төрағасы Тұрақбай Сұлтанғалиев жүргізді.

Марапатталғандар қатарында Байғанин аудандық аумақтық инспекция басшысы Нұрбек Тілеубергенов, бас маман Әлібек Бозжігіт, Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция басшысы Дәурен Жақсығали, Ойыл аудандық аумақтық инспекция басшысы Өркен Қожағалиев, Ырғыз аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы Манас Ыбыраев бар.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласына қосқан елеулі еңбегі, эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз еткені және қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін салалық кәсіптік одақтың арнайы медалімен осы сала қызметкерлері Үбайдолла Әуелбаев, Жанболат Сатыбалдин, Сисенбай Ерсарин, Арайлым Төлеуғарина марапатталды.

Екінші дәрежелі «Еңбек даңқы» салалық төсбелгісі бір топ қызметкерлерге берілді.

Н.ӘБЕНОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button