Жаңалықтар

Жас математиктер марапатталды

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді ауылында 11-сынып оқушылары арасында математика пәнінен олимпиада өтті.

Шараны «Bazis Group KZ» ЖШС құрылтайшысы, облыстық мәслихат депутаты Естай Сисенбаев пен Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Анар Даржанова ұйымдастырды.

Олимпиадаға аудандағы барлық мектептің озат оқушылары қатысты.

Мұндай шаралар балалардың логикалық ойлау қабілетін шыңдай түседі.Ал жарыс пен бәсекелестік алға қарай жетелейді.Бұл жастарға берілген мүмкіндік, — дейді Анар Даржанова.

Сайыс қорытындысында Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Расул Жұмабеков бас жүлдеге иеленді. №2 Қарауылкелді орта мектебінің оқушысы Досханат Диханбай І орын, №3 Қарауылкелді орта мектебініңоқушысы Бекжан Серіков ІІ орын, №4 Қарауылкелді орта мектеп-гимназиясының оқушысы Айғаным Жолдыбай ІІІ орын алды.

Олимпиада жеңімпаздары дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Г.КЕТЕБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button