Жаңалықтар

Күзгі қайырымдылық

Ақтөбе қаласындағы Триатлон паркінде «Волонтерлар лигасы» қоғамдық қоры мен облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен жүгіруден күзгі қайырымдылық марафоны өтті.

Қатысушылар сол күнгі ауа райының салқындығына қарамастан, марафонға белсене қатысты. Ерлер мен әйелдер 10 және 5 шақырым қашықтыққа жүгірді.  Мәреге шаршамай, бірінші боп жеткен желаяқтар арнайы сертификаттармен, медальдармен марапатталды.

— Бұл марафон — үлкен жақсылық жолындағы кішігірім қадам. Еріктілердің арқасында көптеген адамдардың жүзінен бақытты көре аламыз. Марафонға 60-қа жуық адам қатысып, барлығы 131 мың теңге жиналды. Жиналған қаражатты мұқтаж жандардың қажеттіліктеріне жұмсайтын боламыз. Біз марафон арқылы қайырымдылық шарасына атсалысқан барлық қатысушыларға, волонтерларға алғыс айтамыз, — дейді облыстық волонтерлар лигасының белсендісі Зүлфия Набиуллина.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button