Жаңалықтар

Ірі салық төлеушілер мониторингі және оны жүргізу тәртібі

Ірі салық төлеушілер мониторингі 

  1. Ірі салық төлеушілер мониторингіне, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдар, осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық кірісі неғұрлым көп, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1). Тіркелген активтерінің құндық балансының сомасы салықтық кезеңнің соңына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың соңында қолданыста болатын, кемінде 325 000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайтын;

2) Жұмыскерлерінің саны кемінде 250 адамды құрайтын салық төлеушілер жатады.

Осы баптың мақсаттары үшін:

1). Осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, жылдық жиынтық кіріс ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация деректерінің негізінде айқындалады;

2). Тіркелген активтердің құндық баланстарының сомасы ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы жыл үшін салықтық есептілік негізінде айқындалады;

3). Жұмыскерлердің саны ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың бірінші тоқсанының соңғы айы үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның деректері негізінде айқындалады.

Осы тармақта белгіленген шарттардың сақталуына қарамастан, ірі салық төлеушілер мониторингіне:

1). 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы арасында жасалған міндетті салықтық сараптамадан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетілген осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, ең көп жылдық жиынтық кірісі бар және (немесе) көрсетілген келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнай-газ конденсаты немесе теңіз кен орнында қызметін жүзеге асыратын сенім білдірген тұлға (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар);

1-1). Жыл сайынғы төленген салықтар сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге тиісті жылдың соңына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2 000 000 еселенген мөлшерін құрайтын салық төлеушілер жатады.

Бұл ретте жыл сайынғы төленген салықтар сомасы ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге тиісті жылдың алдындағы күнтізбелік үш жылдың әрқайсысы үшін айқындалады;

2). Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі қолданысқа енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 қазанында мынадай шарттарға сәйкес келсе:

— жер қойнауын пайдаланушымен кеңінен таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасалса;

— жер қойнауын пайдаланушы өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес қала құраушы заңды тұлғалар санатына жатқызылса, жер қойнауын пайдаланушыға жатады.

  1. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесіне:

1). Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген шарттарға сәйкес келетін ірі салық төлеушілердің ішінен осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда жиынтық жылдық кірісі неғұрлым көп алғашқы үш жүз ірі салық төлеуші;

2). Осы баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген салық төлеушілер кіреді.

  1. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ұсынылған салықтық есептілік деректерінің негізінде қалыптастырылады және оны уәкілетті орган көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.

Егер ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін салық төлеуші таратылу сатысында тұрған болса, мұндай салық төлеуші бұл тізбеге енгізілуге жатпайды.

Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің бекітілген тізбесі бекітілген жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі және қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойы қолданыста болады. Бұл тізбе осы баптың 1-тармағына сәйкес салық төлеушілер ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын шарттар өзгерген жағдайларды қоспағанда, оның қолданылу кезеңі ішінде қайта қаралуға жатпайды.

  1. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда, оның құқықтық мирасқоры (құқықтық мирасқорлары) ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің келесі тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін ірі салық төлеушілер мониторингіне жатады.
  2. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеуші таратылған жағдайда, сондай-ақ соттың оны банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап осы салық төлеуші ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесінен шығарып тасталған деп танылады.

 

Ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу тәртібі

 

  1. Ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу барысында уәкілетті орган ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілерден салықтарды есептеудің дұрыстығын және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеудiң (ұстап қалудың және аударудың) уақтылы болуын растайтын құжаттарды және жазбаша түсіндірулерді, сондай-ақ еншiлес ұйымдардың қаржылық есептiлiгiн қоса алғанда, салық төлеушiнің (салық агентінің) қаржылық есептiлiгін ұсынуды талап етуге құқылы.

Бұл ретте осы талапты ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушiлер талап ету табыс етілген күннен кейінгi күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде орындауға тиіс.

  1. Ірі салық төлеушілер мониторингінің нәтижесi бойынша бұзушылықтар мен алшақтықтар анықталған жағдайда уәкiлеттi орган бұлар жөнінде ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушiге хабар береді.

Бұл ретте ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушi осындай хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн ішінде жазбаша түсiнікті ұсынуға мiндеттi.

Уәкілетті орган ұсынылған түсiнікпен келіспеген жағдайда ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын осындай салық төлеушiні қосымша құжаттар мен түсiніктерді ұсына отырып, туындаған мәселелерді талқылау үшiн шақыруға құқылы.

Уәкiлеттi орган мониторинг нәтижелерiн қарау қорытындылары бойынша жазбаша түрде шешім шығарады, ол шығарылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушiге жіберіледі.

Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушi шешіммен келiсу туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтiзбелiк бес күн ішінде ұсынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button