Жаңалықтар

Өзгерісті орындау оңай болмай тұр

Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Ақтөбедегі жеке күзет ұйымдары лицензияны қайта рәсімдеу мерзімін ұзартуды сұрайды. Кеңес мүшелері отырыста осы мәселені қарады.

Ақтөбе облысындағы«Атамекен» палатасы директорының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі орынбасары Руслан Күйшіновтің айтуынша, күзетфирмаларының лицензия алуы үшін біліктілік талаптарына елеулі өзгерістер енгізілді.

Жаңа талаптарға сәйкес күзет ұйымының осы салада кемінде бір жыл қосымша жұмыс тәжірибесі, меншік немесе жалға алу құқығындағы кеңсесі, сондай-ақ интернетке шығатын сервермен, бейнебақылау камераларымен, компьютерлік техникамен жабдықталған орталықтандырылған бақылау пульті болуы тиіс.Сауда ұйымдарының коммерциялық ұсыныстарына сүйенсек, ең арзан бір сервердің құны 850 мың теңгеден асады. Коммерциялық ұсыныстар бойынша заманауи бақылау пультінің құны — шамамен 2-4 миллион теңгеге дейін. Шағын қауіпсіздік ұйымдарының бұған шамасы жетпейді. Яғни қысқа мерзімде аталған жабдықты сатып ала алмайды, оны орнатып, білікті мамандар дайындай алмайды.

Ал күзет ұйымдары өз қызметін біліктілік талаптарының өзгерістеріне сәйкес келтіру үшін қаржылық мүмкіндігі болмаған жағдайда қызметтерге тапсырыс берушілермен күзет шартын бұзуға міндетті болады. Бұл шарттардың талаптарына қарасақ, айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туындайды, тиісінше қосымша қаржылық жүктеме пайда болады, — дейді Руслан Күйшінов.

Бүгінгі күні ІІМ бұйрығы әлі заңды күшіне енген жоқ. Оның Әділет министрлігінде тіркелген күні —  2021 жылғы 25 тамыз. Әдетте бұйрық алғашқы жарияланған күннен бастап алпыс күн өткен соң, яғни 27 қазанда қолданысқа енгізіледі.

Ендікүзет қызметімен айналысатын ақтөбелік кәсіпкерлерді енгізілген өзгерістерді қысқа мерзімде орындаудың шарттары алаңдатып отыр.

Ақтөбе облысы полиция департаменті күзет қызметінің бақылау бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Андрей Алматовтың айтуынша, облыс бойынша

290 күзет фирмасы тіркелген, қазіргі таңда оның 142-сі жұмыс істеп тұр.

Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Есімхан Құрманғазин

Кәсіпкерлер палатасына күзет қызметі саласындағы кәсіпкерлерге консультациялық-құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінеІшкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №959 бұйрығына сәйкес,  лицензияны қайта рәсімдеу мерзімдерін қайта қарауды сұрап, Ішкі істер министрлігіне тиісті хатты қарау және жолдау үшін қызметтік жазба жолдауды ұсынғандарын жеткізді.

Өз кезегінде Ақтөбе облысының полиция департаментіне кеңес хаттамасының негізінде Ішкі істер министрлігіне террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау үшін лицензияны қайта рәсімдеу мерзімдерін қайта қарауға өтініш беру ұсынылды.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button