Жаңалықтар

«Ер Едіге — Ноғайлы дәуірінің жыры» — халықаралық байқаудың жүлдегері

Мәскеуде ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында жыл сайын өтетін «Кітап өнері» халықаралық байқауы он сегізінші рет өтті.

Биыл онлайн форматында ұйымдастырылған осы байқауда «Ер Едіге — Ноғайлы дәуірінің жыры» музыкалық антологиясы«Мәдениеттер үндестігі» номинациясы бойынша І орынға ие болды.

«Ер Едіге — Ноғайлы дәуірінің жыры» музыкалық антологиясы 2020 жылы жарыққа шықты. Оның жарыққа шығуына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығыұйытқы болған еді. Бұл іс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында көрсетілген жобаларды жүзеге асыру мақсатымен,облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тікелей қолдауымен қолға алынды. «Ер Едіге — Ноғайлы дәуірінің жыры» музыкалық антологиясы Алматы қаласындағы «Қазақ кітабы» баспасынан 500 данамен жарыққа шықты. Мұнда еліміздің әр өңірінде тұратын 40-тан астам жыршы-жыраудың орындауында «Ер Едіге» және оның ұрпақтары, Ноғайлы дәуірінің белгілі тұлғалары туралы жырлар жазылған. Жалпы ұзақтығы —60 сағат.

Басты ұйымдастырушылар біздің облыстан болғандықтан музыкалық антологияның бұл жүлдесіне, жеңісіне«Қазақ кітабы» баспасы ғана емес, біздің өңір де ортақтаса алады.

Ендеше, құтты болсын!

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button