Жаңалықтар

Ыстанбұл жақындай түсті

Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайында «Ақтөбе-Ыстанбұл-Ақтөбе» бағыты бойынша әуе рейсі ашылды. Бұрын қос қаланың арасында тікелей рейс болмағандықтан кемінде 6 сағат немесе бір күн жолға көп уақыт кететін.

Енді Ақтөбеден шыққан  жолаушылар ұшағы  4 сағатқа жетпей  Ыстамбұл қаласының әуежайына қонатын болды. Тікелей ұшу аптасына екі рет сәрсенбі және сенбі күндері болады. «Scat» әуе компаниясының «Boeing 737» ұшағы жайлы әрі басқа қалалардан келіп мінетін жолаушыларға да ыңғайлы. Билет құны да қымбат емес. Барып-келу бағасы 130 мың теңге.

Тамыз айында Тбилисиге аптасына екі рет тұрақты рейс ашқан қаламыздағы халықаралық әуежай ұшу бағыттарын одан әрі кеңейтпек.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button