Жаңалықтар

Майдангерлерге арналған кітап

Жақында Әлия Молдағұлова атындағы музейде «Менің атам — майдангер» кітабының тұсаукесері өтті.

Шараға кітапқа есімдері енген майдангер ұрпақтарының бір тобы және облысқа танымал азаматтар қатысты. Отан үшін от кешкен аталарымызға құрмет ретінде жарық көрген кітаптың тұсауын әлиятанушы, «Қос Шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық қорының төрағасы Ғалымжан Байдербес пен Алматыдан арнайы келген «Ер намысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерболат Алиядинұлы кесіп, ақ тілектерін білдірді.

Тұсаукесерге ардагер спортшы Зейнолла Төлеутаев пен оның шәкірті, грек-рим күресінен Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Мұқан Зарлықов, самбо күресінен әлем чемпионы, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Райса Байлиева, ҚР Мәдениет қайраткері Еркін Құрманбеков және бірнеше майдангер ұрпақтары қатысып, сөз сөйледі. Кітап құрастырушыларға алғыс айтты.

Ардагерлерден құралған «Атамекен» және «Асылым» ансамбльдері соғыс жылдарындағы әндерді орындады.

Еркін БАҚТИЯРОВ,

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button