Жаңалықтар

Декларация тапсыру — жауапты міндет

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына сәйкес қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары), мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады.

Кірістері мен мүлкі туралы декларация Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.

Мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынуы, егер істелген әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №121–VI Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «жалпыға бірдей декларациялау» Салық Кодексінің 71-тарауы қолданысқа енгізілді.

Мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен мүлкі туралы декларация тұрғылықты (болатын) жері бойынша қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда — есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей, ал электрондық түрде ұсынылған жағдайда — есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей ұсынылады.

Жоғарыда айтылған мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну тәртібі қызметкерлерге түсіндірілді және бүгінгі таңда Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің барлық мемлекеттік қызметшілері өздерінің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны электрондық түрде ұсынып болды.

А.ДАРЖАНОВА,

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті персоналмен жұмыс және қызметті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button