Мереке

Кәсіби мереке құрметіне

«Бұқаралық ақпарат құралдары — қоғам айнасы». С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада өткен шара осылай аталды.

Жиын 28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылды. Шараға кітапхана ұжымы, белсенді оқырмандар қатысты.

Басқосуға газет, телеарна, радиода еңбек етіп жатқан журналистер шақырылды.

Алдымен сөз алған кітапхана директоры Құралай  Райымбаева бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы алатын орны ерекше екенін айтып, журналистерді төл мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Кітапхана қызметкерлері Талғат Тілеулес, Ақмарал Мұқашевалар да мерзімді баспасөз, телеарна, радионың рөлі зор екенінайтты.

Жиын барысында «Aqtobe» телеарнасының директоры Мирас Мұқаш, республикалық «ТДК-42» арнасының меншікті тілшісі Лейла Әуесова сөз сөйлеп, қызығы мен қиындығы аралас саланың жұмысы туралы әсерлі әңгімеледі.

Шарада әсем ән мен күмбірлеген күйден шашу шашылды.

Кеш соңында мереке иелеріне Алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button