Жаңалықтар

Әлия үшінші орын алды

Ақтөбе қаласындағы №55 орта мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Әлия Жалғасбаева «Дарын» республикалық ғылыми жобалар байқауында үшінші орын алды. Әлияның ғылыми жобасының  тақырыбы — «Қаһарман қыз — Сапура».

Азаттық үшін күрескен батыр қыздың бірі — Сапура Мәтенқызы. Кейінгі жылдары тарихшылар, өлкетанушылар  батыр қыз туралы зерттей бастады.  Былтыр облыста Сапура Мәтенқызына арналған іс-шаралар өтті. Оқушылар арасында да  батыр  туралы көбірек насихатталуда.

Әлия Жалғасбаеваның мақаласы  байқаудың облыстық кезеңінде бірінші орын алған. Оқушы қыз  батыр апасы туралы әлі де зерттей түсетінін айтты.

А.РАСУЛ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button