Жаңалықтар

Жаңа жыл түнінде 52 сәби өмірге келді

2021 жылдың алғашқы сағаттарынан бастап-ақ Ақтөбе халқы тағы бірнеше адаммен толықты. Биыл шайқұярлар көп екен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологі Әлия Джанғалиеваның берген мәліметіне сүйенсек, 31 желтоқсаннан  1 қаңтарға қараған түні облыс бойынша 52 сәби дүниеге келген. Олардың 30-ы — қыз, 22-сі — ұл бала. 2021 жылдың алғашқы түнінде өмір есігін ең бірінші болып сағат 2.00-де Қарғалы ауруханасының босану бөлімінде дүниеге келген сәби ашыпты.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button