Жаңалықтар

Мереке күндері 26 адам коронавирус жұқтырған

Мереке күндері облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 26 адам тіркелген.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады.

Қазіргі күні облыс эпидемиологиялық ахуал бойынша жасыл аймақта тұр. Бірақ күн сайын вирус жұқтырғандар тіркеліп жатыр. Мәселен, үшінші қаңтар күні вирусты пневмониядан қос өкпесі қабынған жетпіс жастағы қала тұрғыны көз жұмған. Басқарма өкілдері тұрғындарға сақтанып жүру керектігін ескертті. Әсіресе егде жастағы адамдар қауіпсіздікке мән бергені жөн.

Бүгінгі күні облыстың стационарларында жетпіс екі науқас ем алып жатыр. Жансақтау бөлімінде тоғыз науқас жатса, оның екеуі жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3711 адам  тіркелді, оның 49,6%-ы ауру белгілерімен  және 50,3%-ы симптомсыз  жағдай. 3569 науқас жазылып шықты. Ақтөбе қаласында 2639 адам ауырса,  Әйтеке би — 21, Алға — 102,  Байғанин — 58, Ырғыз — 54,  Қобда — 14, Қарғалы — 58, Мәртөк — 130, Мұғалжар — 177, Темір — 190, Ойыл — 21, Хромтау — 130, Шалқар ауданында 114 адам вирус жұқтырған.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button