Жаңалықтар

Ресейден келген 22 адам кейін қайтарылды

 Пандемия басталғаннан бері облыстың Мәртөк ауданындағы «Жайсаң» және Қарғалы ауданындағы «Әлімбет» санитарлық-карантиндік пункттерде санитарлық бақылау тәулік бойы жүргізіледі.

Эпидемиологтар шекарадан өтетін әрбір адамды термометрден өткізіп, сауалнама алады. ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар ма, жоқ па, соны тексереді. Күні-түні жұмыс жасайды. 6 қазаннан бастап осы уақытқа дейін екі шекара бекетінен барлығы 48778 адам өткен. Оның ішінде анықтамасы жоқ 4131 адам карантиндік стационарға жатқызылған. Ресей Федерациясынан келген 47 адамнан COVID-19 анықталған. Оның жиырмасы жолаушы болса, жиырма жетісі жүк көлігінің жүргізушілері болып отыр. Елімізге анықтамасыз келген көрші елдің 22 адамы кейін қайтарылған.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button