Жаңалықтар

Жаңажылдық жеңілдіктер жасалады   

Арзан бағалар

Облыс әкімінің тапсырмасымен өңірдегі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында «HALYQ SAÝDA» сауда желісі «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен «Арзан бағалар марафонын» жариялайды. 

Акция кеше, 28 желтоқсаннан бастап шағын көтерме сауда дүкендерінің барлық 9 нүктесінде өткізіледі. 

Мерекелік жеңілдіктер әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің 9 аталымы бойынша қарастырылған. Атап айтсақ: күнбағыс майы — 470 теңге; құмшекер — 250 теңге/1 кг; қарақұмық — 365 теңге/1 кг; ас тұзы — 42 теңге/1 кг; күріш — 290 теңге/1 кг; 1 сұрыпты ұннан жасалған макарон өнімдері — 214 теңге/1 кг; ет консервілері — 650 теңге/банка; 1 сұрыпты бидай ұны — 140 теңге/1 кг; «Ақман» шайы — 1290 теңге/ 1 кг.

«Қазпошта» АҚ-ның әлеуметтік картасын қолданушылар үшін 10 пайыз cashback бар.

Айта кетейік, «HALYQ SAÝDA» — «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тікелей қолдауымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жоба. Оның мақсаты — ақтөбеліктерді жергілікті тауар өндірушілердің бағасы қолжетімді өнімдерімен қамту. Бүгінде «HALYQ SAÝDA» шағын көтерме сауда дүкендерінің 9 бөлімшесі жұмыс істеп тұр.

Айбек СЕРІКҰЛЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button