Жаңалықтар

Отбасын қолдау мен нығайту — елдің табысты дамуының кепілі

Nur Otan  партиясының сайлауалды штабы Шығыс Қазақстан облысына келді. Олар өнеркәсіп жұмысшыларымен, дәрігерлермен, мұғалімдермен, қала және өңір тұрғындарымен 20 шақты кездесу өткізді.

Өскемен титан-магний комбинатының ұжымымен кездесуде сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтары талқыланды. Билеуші партия таяудағы 5 жылда өңірде 130 мың жаңа жұмыс орнын ашуды, 2,5 мың шақырымдық автожолға жөндеу жүргізуді, 230-дан астам ауылдың 100 мыңдай тұрғынын сапалы ауызсумен қамтамасыз етуді, 30 мың отбасының тұрғын үй мәселесін шешуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ кәсіпорындарды жаңғырту мен қоқыс өңдеу кешендерін салу есебінен экологияны жақсарту және зиянды шығарындыларды кемінде 10 пайызға төмендету бойынша бірқатар шаралар қолға алынады.

Бұдан кейін сайлауалды штаб мүшелері Өскемен қаласындағы 19-шағын ауданның тұрғындарымен кездесті. Сол күні Nur Otan партиясының өкілдері облыстағы «Ана мен бала» орталығына барды. Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек атап өткендей, отбасын қолдау мен нығайту — елдің табысты дамуының кепілі. Алдағы 5 жылда отбасын қолдау үшін әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік жәрдемақылар бойынша барлық міндеттеменің орындалуы қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ Nur Otan партиясы инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік жәрдемақыларға индексациялау жүргізіледі. Осы мақсатқа 3 трлн-нан астам теңге бағыттау жоспарлануда.

nurotan.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button