Жаңалықтар

Nur Otan жастардың ордасы болу керек…

Ақтөбе қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер Абай Сақтағанов «Қос Шынар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ғалымжан Байдербеспен кездесті. Кездесудің басты мақсаты — Nur Otan партиясы қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасын насихаттау.

— Жарты ғасыр ғұмырын қазақтың қос шынарын зерттеуге арнаған ағамыз кездесу орнын Ақтөбе қаласындағы Әлия мен Мәншүктің суреті бейнеленген көп қабатты үйлердің жанында өткізуді қалады. Елге сыйлы азаматтың аты тек қазақстандықтарға ғана емес, мәскеуліктерге де жақсы таныс. Ғалымжан ағамыз Nur Otan партиясына қолдау танытатыны анық. Ол партия құрамына жастардың көп жиналғанын қалайды, — деді Абай Сақтағанов.

Ғалымжан Байдербестің айтуынша, Әлияны көп адамдар зерттеген. Дегенмен бұған дейінгі зерттеулерде батырдың туған жылы дұрыс көрсетілмеген. «Мен де зерттедім. Ржев жөнінде үш кітап жаздым. Сондай-ақ, мен Шалқардан соғысқа аттанған тоқсан қыз туралы деректі тауып берген едім. Олардың аты-жөніне дейін анықтап, біліп бердім. Оның барлығын анықтау оңай дүние емес», — деген Ғалымжан Байдербес кездесуде жастардың бойынан қашанда патриоттық сезімді көргісі келетінін жеткізді. Сонымен қатар ол Nur Otan партиясының жастардың ордасы болғанын қалайтынын айтты.

Өз кезегінде қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Абай Сақтағанов сайлауалды бағдарламаның жеті басымдығын атап, ардагерді алдағы сайлауға шақырды.

(Nur Otan партиясы Ақтөбе  қаласының Сайлау қоры қаражатынан төленді).

Басқа жаңалықтар

Back to top button