Жаңалықтар

Ауылды дамыту бағдарламасымен таныстырды

25 желтоқсан күні Қосестек ауылында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Аманжол Шапағат ауыл тұрғындарымен кездесті.  Кездесу барысында үміткер партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басым бағыттарына тоқталып өтті.

«Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында елді мекендерді дамытудың нақты 7 басым бағытын айқындады. Оның басты мақсаты — халықтың өмір сүру сапасын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Жайлы ауыл бағыты бойынша «Nur Otan» партиясы азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әр тұрғынның таза суға, ауаға және сапалы инфрақұрылымға қол жеткізуін қолдайды. «Nur Otan» партиясы жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл — ел бесігі» жобаларын іске асыратын болады.

— Партияның сайлауалды бағдарламасында айтылған ауылды дамыту бағытына сай, Қосестек ауылы бойынша ауылдың ішкі жолдарына жөндеу жүргізу, өрт сөндіру бекетінің материалдық-техникалық базасын нығайту, төтенше жағдайларды жою үшін жол талғамайтын арнайы техника мен өрт сөндіру құралдарын сатып алу, Қосестек және Петропавл ауылдарында өзен арналарын тазартып, 2021 жылы Қосестек және Әлімбет ауылдарында жергілікті полицияның тірек пунктерін орналастыру үшін үй-жайлар салыну қарастырылған, — деді Ш.Аманжол.

2020 жыл бәріміз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирус пандемиясы біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертті, көптеген мәселелерге басқаша қарауға мәжбүр етті.

— Осы сын қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның ішінде халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін бар күш-жігерін салатын болады. Біз білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға күш саламыз.

«Nur Otan» партиясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық сананы жаңарту идеясын, қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мақсатында да іргелі жұмыстар атқарып келеді. Бүгінгі таңда ауданда 10-нан астам ұлт өкілдері тұрады, олар бірлікті, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосып отыр. Біз Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыруды жалғастырамыз, —  деді Ш.Аманжол.

Үміткер тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

(«Nur Otan» партиясы Қарғалы ауданы филиалы сайлау қоры қаражаты есебінен төленді).

Басқа жаңалықтар

Back to top button