Жаңалықтар

Ырғызда медиация кабинеті ашылды

Жуырда облыс бойынша алғаш рет Ырғыз ауданында медиация және тұтынушылардың құқықтарын қорғау кабинеті ашылды.

Аталған кабинеттің меңгерушісі болып көп жылдар АХАЖ бөлімінде жұмыс жасап, зейнеткерлікке шыққан, қазіргі таңда заңгерлік қызметте жүрген Ләйла Ізімғалиева тағайындалды.

Кабинеттің ашылу салтанатында заңгерлер тұрғындарға медиация және тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңдардың талаптары мен принциптерін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, облыста осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Шарада аталған заңдардың орындалып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін ауданға белгілі, зейнеткерлікке шыққан тұрғындарға кәсіби емес медиатор сертификаттары табыс етілді.

Енді сертификат алған азаматтар аудан көлемінде болған дауларды бітімгершілікпен шешіп, істерді сотқа дейін жеткізбей, халық арасында бір-біріне деген сыйластықты қалыптастыру үшін жұмыс жасайды.

Д.АЙДАР,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button