Жаңалықтар

Балаларға сыйлық берді

Акция

Ақтөбе қаласындағы «My Bro» әсемдік салоны қайырымдылық акциясын өткізді.

Салон қызметкерлері аз қамтылған, көпбалалы отбасыдан шыққан және ата-анасыз 17 баланың шашын қиды. Сондай-ақ балаларға түрлі ойыншықтар мен спорттық киім-кешектер, оқу құралдарын сыйға тартты.  Шаштары қиылып, түрлі сыйлыққа ие болған балдырғандарды қызметкерлер түскі асқа апарды. Олар түрлі сусын ішіп, тәтті тағамдар жеп мәз-мәйрам болды.

Салонның жетекшісі Ербол Мирмановтың айтуынша, бұндай шара бұған дейін де өткізілген. Алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button