ЖаңалықтарРухани жаңғыру

«Рухани жаңғыру – қоғамның жаңаруы»

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласын талқылау мақсатында  «Рухани жаңғыру қоғамның жаңаруы» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот судьялары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Ғанибаева, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Б.Сүлейменов, басқа да оқытушылар қауымы қатысты.

Қатысушылар қоғамдық жаңарудың негізі болып келетін жобаның міндеттері мен мақсаттарын талқылады. Б.Сүлейменов жиналғандарға қазақ халқының салт-дәстүрінің сақталуы туралы әңгіме өрбітті.

Елбасының мақаласы бүгінгі күні өзекті қоғамдық-саяси және мәдени-этикалық негіздерді жетілдіру тұрғысынан және автор идеяларымен тұжырымдалған бірқатар нақты шаралардан тұрады.

Өз сөзінде сот төрағасының міндетін атқарушы А.Молдағалиев Президент мақаласы еліміз үшін  маңызды мәдени-әлеуметтік жаңалық болып табылатындығын атап өтті.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button