Басты жаңалықтар

БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ — ҰЛТТЫҢ ҰСТЫНЫ

Конституциялық реформа — тарихи әрі маңызды оқиға. Бұл өзгерістер — ел дамуының жаңа кезеңін айқындап, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам болып саналады.
Әр азаматтың жүрегінде туған елге, Отанға деген сүйіспеншіліктен туған қасиетті ұғым бар. Сол құндылықтарды қорғайтын негізгі тірек — Ата Заң. Сондықтан Конституцияға енгізілетін әрбір өзгеріс қоғам өміріне тікелей әсер етеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы бастамалары нақты нәтижелерге жол ашып келеді. Соның ішінде 2025 жылғы 8 қыркүйектегі халыққа Жолдауында көтерілген бір палаталы Парламент құруға бағытталған конституциялық реформа — саяси жүйені жетілдіруге арналған маңызды бастама.
Реформаны әзірлеу барысында арнайы жұмыс тобы құрылып, қоғам белсенділері кеңінен тартылды. Электронды портал арқылы жолданған ұсыныс-пікірлер ескеріліп, ашық талқыланды.
Ата Заңның жаңа мәтінінде адам, оның қадір-қасиеті, құқығы мен бостандығы басты құндылық ретінде бекітіліп, мемлекеттік дамудың жаңа моделі айқындалды. Себебі Ата Заң — елдің тынысы, ұлттың ұстыны мен бірлігінің кепілі.
Бұл — әділетті әрі жауапты мемлекет құру жолындағы нақты шешім.

Гүлнар СЕЙТАЛИНА,
С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры.
Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button