Басты жаңалықтар

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

Заң мен тәртіп

Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Бала құқығы: заң және ата-ананың жауапкершілігі» тақырыбында жиын өтті.
Жиынға аудандық аналар кеңесінің төрағасы Маржангүл Бекетова, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының директоры Гүлмереке Төлегенова және аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесіне қарасты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы Анар Бақытбекова қатысты.
Кездесу барысында бала құқықтарын қорғау, ата-аналардың заң алдындағы жауапкершілігі, сондай-ақ отбасындағы және қоғамдағы тәртіп мәселелері кеңінен талқыланды. Жиын соңында жеке қабылдау ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан отбасылық мәселелерге қатысты сұрақтар қойылды. Мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға заң аясында жан-жақты түсіндірмелер мен нақты жауаптар берілді.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button