Жаңалықтар

Ерсайынның жеңісі

Шахмат

Жуырда Астана қаласында «Зияткер ұстаз» бастауыш сынып мұғалімдері арасында республикалық шахмат турнирі өтті.

Аталған зияткерлік додаға Қазақстанның барлық облысынан 130 мұғалім қатысып, өзара шеберліктерін сынға салды. Ақтөбе облысының намысын қорғаған үш педагогтің қатарында Ойыл ауданы Көсембай негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ерсайын Аққошқаров та болып, жүлделі 5-орын иеленді.
Бұл жетістік —мұғалімнің пәндік білімі мен логикалық ойлау қабілетінің ғана емес, сонымен қатар оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылық әлеуетін дамыту жолындағы тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Осындай республикалық деңгейдегі байқауларға қатысып, өңір абыройын асқақтатып жүрген ұстаздар— жас ұрпаққа үлгі.

С.ҚОЙБАҒАРОВ,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button