БілімБасты жаңалықтар

ТАБИҒАТТЫ СҮЮ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Шалқар ауданындағы №12 бөбекжай-бақшасында балаларға экологиялық тәрбие теруге арналған семинар-практикум өтті.

Атап айтқанда, «Мектепке дейінгі ұйымда балаларға жобалау әдісі арқылы экологиялық тәрбие қалыптастыру» тақырыбындағы облыстық эксперименттік алаңның қорытынды семинар-практикумы өтті. Бұл жобаның мақсаты — эксперимент жасау арқылы балалардың табиғатты зерттеуге деген қызығушылығын ояту.

«Әрбір сау бала туғаннан бастап жан-жағын зерттеуге ұмтылады. Ол әлемді білгісі келеді. Бала айналасындағы әлемді зерттеу арқылы табиғатты сүйіп өсіп, оны таза ұстауға деген қызығушылығы да оянады», — деді балабақша меңгерушісі Динара Кәдірханқызы.

Тәрбиешілер Лиза Жолекенова мен Сәнімгүл Жансүгірова экологиялық тәрбие беру тақырыбында баяндама оқып, семинарға қатысушы тәрбиешілермен зертханалық  жұмыстар жүргізіп, тәжірбие алмасты.

Лиза ҚАЙЫРБЕКҚЫЗЫ,

балабақша тәрбиешісі.

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button