АуылБасты жаңалықтарДенсаулық

AMANAT партиясының Сайлауалды бағдарламасы жүзеге асуда

Партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында медицина саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе ауыл медицинасына басымдық берілді. Партияның бас жоспарында бес жыл ішінде облыста 42 денсаулық сақтау нысанын салу, 35 ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Қазір бағдарламаның биылға арналған пункттері орындалып, ауыл тұрғындары медициналық қызметтің жемісін көре бастады.

Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында, Алға ауданы Самбай ауылында, Ойыл ауданы Көптоғай ауылында дәрігерлік амбулаториялар ашылып, бір мезгілде 40-50 адамға қызмет көрсетуде. Үш нысанға да бюджеттен қаржы бөлініп, бір жыл ішінде салынып бітті. Құрылыс жұмыстарын, қаржының игерілуін мәслихаттардағы фракция мүшелері бақылап отырды.

Ақкемер амбулаториясында қан сараптамасы алынып, барлық түрлері тексеріледі. Бұл көршілес ауылдарға да тиімді. Елек, Жарық, Көтібар батыр, Көктөбе ауылдары тұрғындары осы жерден медициналық көмек алады. Зертханадан басқа жүрек қысымын өлшеу және тексеру, жүкті әйелдерге көмек көрсету бөлмелері және заманауи құрал-жабдықтар бар. Дәрігерлік амбулаторияда 13 адам жұмыс жасайды.

Көптоғай ауылындағы Құрман дәрігерлік амбулаториясы бір ауысымда 50 адамды қабылдай алады. Бұл жерде стационар жұмыс істейді, стоматология, дәріхана бар. Ғимарат 1200 шаршы метр аумақта орналасқан. Медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша тиімді шаралар қабылданғанына ауыл халқы дән риза.

Алға ауданы, Самбай ауылындағы «Қарағаш» дәрігерлік амбулаториясы құрылысына 136 млн тенге қаржы бөлінді. Ғимараттың аумағы 400 шаршы метр. Бұл жерден округтің мың жарымға жуық тұрғыны медициналық көмек алады. Амбулатория 40 келушіге арналған, 7 адам жұмыс істейді. Медициналық нысан автокөлікпен қамтылған.

А.САРЫБАЙ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button