Басты жаңалықтар

Ақтөбеде өзен арналары мен арықтарды тазарту жұмыстары қарқынды

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында қолға алынған тиісті шаралар барысымен танысты.

Өңір басшысы Сазды өзені маңындағы, сондай-ақ Батыс-2 шағын ауданы және Сәңкібай батыр даңғылы бойындағы жұмыстарды көрді. 

Жалпы ұзындығы 14 шақырымға жуық Сазды, Жіңішке, Тамды және Бұтақ өзендерінің арналары бұталар мен шөптерден тазартылады. Тазарту жұмыстарын 20 күн ішінде аяқтау жоспарлануда.

«Алдағы 10 күнде қалада 60 шақырым аумақта каналдар, ашық және жабық суағарлар қоқыс және арамшөптен тазартылады. Тазарту жұмыстарына мердігер ұйымдар  тартылады», – деді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров.

Облыс әкімі жауапты азаматтарға жұмысты сапалы әрі уақытылы орындауды қатаң қадағалауды тапсырды.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button