Басты жаңалықтар

Ералы Тоғжанов өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың жұмысымен танысты

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов ұн, тауық жұмыртқасы, күнбағыс майын шығаратын және өңірдің негізгі азық-түлік қажеттілігін қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындарға барды.

Жұмыс бағдарламасындағы алғашқы нысан «Атамекен-нан-2000» ЖШС болды.

«Атамекен» шаруа қожалығының базасында құрылған компания 2007 жылдан бастап нан-тоқаш өнімдерін өндірумен айналысады.

Серіктестік  «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 8,3 миллион теңгеге инженерлік инфрақұрылым жүргізген. Наубайхана жылына 6 мың тоннадан астам нан өнімдерін өндіреді. Кәсіпорында 70 адам жұмыс істейді.

Өңір басшысы «Жаңа-Әлжан» диірмен комбинаты» ЖШС-не барды. Кәсіпорын елімізде алғашқылардың бірі болып ұнның сапасын, тағамдық құндылығын жоғарылататын жобаны енгізді.

Компания жабдықтарды жаңарту және өндіріс сапасын бақылауды жақсарту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Диірмен комбинаты жылына 140 мың тонна астық өңдейді және 120 мың тоннадан астам астықты сақтауға қауқарлы. Ұнның 25-тен астам түрі итальяндық және швейцариялық Ocrim және Buhler диірмен кешендерінде өндіріледі. Өнімдер Қазақстанның барлық өңірлеріне, сондай-ақ таяу шет елдер: Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Грузия және Ауғанстанға жеткізіледі.

«Рамазан» құс фабрикасында жылына 200 млн. дана жұмыртқа шығарылады.

Ауданы 20 гектарды құрайтын құс фабрикасының өнеркәсіптік аймағының аумағында тауық қора, жемшөп цехы мен жем сақтауға арналған қоймалар, сою цехы жұмыс істейді. Өндіріс орнында 365 мың құсты торда ұстауға арналған испандық жаңа құрылғы орнатылған. 1,5 млн.дана жұмыртқаны сұрыптайтын және сақтайтын  жабдық сатып алынған. Ескірген құрама жем зауытының жабдығы жаңа неміс технологиясымен жасалған қуаттылығы сағатына 10 тонна құрама жем шығаратын жабдыққа ауыстырылды.

«Ақтөбе Фудс» ЖШС май зауытында айына 1500 тоннаға дейін тазартылған күнбағыс майы өндіріледі.

Жергілікті нарықтың 83% қамтамасыз етіп отырған кәсіпорынның өнімдері Орта Азия елдеріне экспортталады.

Облыс әкімінің жұмыс бағдарламасының соңғы нысаны – «Айбек» АӨК» ЖШС болды.  Бұл — малды сойып, сақтап және қайта өңдейтін,  жоғары сапалы табиғи консервілеу өнімдерін шығаратын өндірістік кластерлік циклі бар жалғыз ет комбинаты.

Мұнда сою цехы жұмыс істейді, сондай-ақ ет және ет пен өсімдік араласқан консервілер, жартылай фабрикаттар жасалады. Консервілеу цехында ауысымына 4800 банка шығарылады.

Шағын және орта бизнес құрылымдарын аралау қорытындысы бойынша облыс әкімі тиісті басқармалардың басшыларына кәсіпорындарды дамытуға және олардың өзекті мәселелерін шешуге көмектесу керектігін айтып, бірқатар тапсырмалар берді.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button