Жаңалықтар

Қайырымдылық жасап жарысайық

Байқау

Ақтөбеде «Қайырымдылық керуені» атты V республикалық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.

Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев қоры менҚазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырып жатыр.

Қайырымдылық—бізгеата бабамыздан қанмен берілген қасиет. Байқаудың мақсаты — жаны ізгі, қолы жомарт жандардытауып, оларды халыққа таныстыру. Мұқтаждарға көмектесуді насихаттау арқылы халықтың азаматтық бастамаларын қолдап, адамгершілік құндылықтарды, соның ішінде мейірімділік, қамқорлықты нығайтқымыз келеді, —дейді ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасарыСерік Қонақбаев.

Осы жылы байқау лауреаттары 7 номинация бойынша анықталады: «Асар»,

«Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы», «Бала жүрегі»,«Жануарларға мейірім».

Байқауға өзінің белсенді азаматтық ұстанымы бар, игі істері арқылы әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешуге үлес қосатын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 30 желтоқсанына дейін жалғасады. Келер жылдың 15-20 қаңтар аралығында қатысушыларды іріктейді. Салтанатты марапаттау рәсімі 2023 жылдың 26 ақпанында өтеді.

Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Гүлжанат Алпысбайдың айтуынша, өткен жылыоблыс бойынша 81 өтінім келіп түскен. Байқау қорытындысы бойынша Байғанин ауданының тұрғыны Талап Амангелдіұлы жеңімпаз атанған. «Қазақтелеком» АҚ жұмысшысы «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша Оймауыт ауылындағы қорымды жаңа үлгіге сай етіп қоршау жұмысына атсалысқан. Сондай-ақ өзі басқарып отырған «Жұматай шаруа қожалығының» атынан Оймауыт ауылындағыаз қамтылған отбасылардыжем-шөппен, отынмен және қимен қамтамасыз еткен. Асыраушысынан айырылған үш отбасыға шөп алып беріп, көпбалалыекі отбасыға көмек көрсеткен.

Байқау туралы толығырақ www.businesswomen.kz, www.fnn.kzсайттарынан білуге болады.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button