Жаңалықтар

Жаңа сервис іске қосылды

Кәсіпкерлерге салық міндеттемесін орындау мерзімдерін еске салу үшін push-хабарламалары жіберіліп жатыр.

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Транстелеком» АҚ-мен бірлесіп, биыл 5 тамыздан бастап пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін бақылау-касса машиналарында «push-салық хабарламалары» жаңа сервисін іске қосты.

Бірлескен жобаның басты мақсаты — бақылау-касса машиналарын пайдаланушыларға салық міндеттемелерін уақтылы орындау туралы, оның ішінде салық органына салық есептілігін толтырып, ұсыну бойынша тез арада еске салу.

Рush-салық хабарламалары бастапқыда салық есептілігін ұсыну кезеңінде жіберілетін болады. Сервис салық төлеушілерді салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсыну қажеттігі туралы хабардар етіп отырады. Бұл салық органдары тарапынан шоттарды бұғаттау мен айыппұл салу секілді шаралардың алдын алады.

«Бүгіннен бастап салық төлеушілер бақылау-касса машиналары арқылы айлық, 2-тоқсан мен 1-жартыжылдық үшін салық есептілігін, оның ішінде 910.00-нысаны бойынша декларациясын биылғы жылғы 15 тамыздан кешіктірмей ұсыну қажеттілігі туралы еске салатын push-салық хабарламаларын ала бастайды», — деп хабарлады департамент өкілдері.

Ақтөбе облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button