Жаңалықтар

Чемпиондар жиналды

Олимпиада күні

23 маусымда Ақтөбе қаласындағы Триатлон паркінде Халықаралық Олимпиада күні аталып өтіп, жеңіл атлетикалық жүгіру болды.

Шараға Ақтөбе қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің 7-15 жас аралығындағы 120 спортшысы қатысты.

Спорттық шараның мақсаты — олимпиада қозғалысын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, Олимпиада ойындарының мәнін, маңызын ашып көрсету.

Жас спортшылармен бірге  Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен Галиб Джафаров, Саламат Отарбаев, Юсуп Батырмурзаев, Диана Назарова қатысып, құттықтау сөз айтты. Жүгіру алдында бокстан әлем чемпионы Галиб Джафаров жас спортшыларға ақыл-кеңесін айтып, жаттығу жасатып, дене қыздырудан шеберлік сабағын өткізді.

Сонымен қатар Францияның Нормандия қаласында өткен Дүниежүзілік Гимназиада ойындарында грек-рим күресінен чемпион болған Бекнұр Мұқан, Ақжан Ықыласов, бокстан Дәулет Төлемісов Ұлттық Олимпиада комитеті жолдаған бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңіл атлетикалық жүгіруге қатысқан барлық спортшыларға спорттық жейде, баскиім, олимпиада символикасы бар төсбелгілер табысталды.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button