Жаңалықтар

Қан тапсырып, тал екті

Акция

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының  30 жылдығына орай  «30 игі іс» қайырымдылық акциясы болып жатыр. Ол 23 маусым — Полиция күні мерекесіне дейін жалғасады. Акция аясында Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері облыстық қан орталығынабарып, қан тапсырды.

Аталған қайырымдылық шара адам өмірін сақтап қалуға септігін тигізетіні анық. Біздің бөлім Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған  «30 игі іс» акциясын қолдайды, — дейді бөлім бастығы Айбек Бекжанов.

Сонымен қатар Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Қаламыздың көркеюіне үлес қосу мақсатында  жаңадан ашылғанТриатлон саябағына  30 түп пирамидалық ағаш отырғызды. Бұл ішкі істер органдарының  30 жылдық мерекесіне тарту болмақ.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button