Жаңалықтар

Департаменттің алғашқы онжылдығы

Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне 10 жыл толды. Өткен аптада облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінованың қатысуымен департаменттің онжылдығы салтанатты түрде атап өтілді. Бұл шараға облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан, аудандық білім бөлімі басшылары, аталған департаменттің қазіргі және бұрынғы қызметкерлері, педагогтер қауымы, ардагер ұстаздар қатысты.

Бұлбұл Елеусінова мереке иелерін ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар келген департаменттің 10 жылдығымен құттықтап, облыс педагогтері мен білім беру ұйымдарына тұрақты түрде кеңес, әдістемелік қолдау көрсетіп келе жатқан департамент қызметкерлеріне алғысын білдіріп, арнайы марапаттар ұсынды.

Департамент директоры Б.Күзембаева мен білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы Г.Бірмағанбетова «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, директордың орынбасары А.Кемешов «Білім және ғылым министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері»  құрмет дипломымен марапатталды. Тағы бірнеше адам ҚР Премьер-Министрінің, Білім және ғылым министрінің,  облыс әкімінің Алғыс хатыналды.

Департамент басшысы Бұлбұл Күзембаева аталған мекеменің ашылғаннан бермен қарайғы атқарған жұмыстарына тоқталды:

— Білім саласындағы бақылау департаменттері 2011 жылдың қараша айында

құрылып, 2020 жылы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті

болып өзгерді. Департамент білім беру қызметтерінің сапасын

қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарына сырттай бағалау жүргізу

арқылы осы саладағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады, мемлекеттік

бақылауды жүргізеді. 10 жыл ішіндегі көп жұмыс атқарылды:  669 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізіліп, оның 386-сы (57,7%)

аттестатталды. Қалған 283 (42,3 %) білім беру ұйымы Мемлекеттік жалпыға

міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты

аттестатталған жоқ. Қорытындысы бойынша 69 заңды және лауазымды тұлғалар

әкімшілік жауапкершілікке тартылып, лицензиялары тоқтатылып, 5785 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. 2017 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап 2021 жылдың қыркүйек айына дейінгі аралықта мораторийге байланысты мемлекеттік аттестация жүргізілмеді. Биыл қыркүйек айынан бастапмемлекеттік аттестация жаңа форматта жүргізіліп жатыр.

Департамент ашылғалы 600-ге жуық жоспарлы және жоспардан тыс

тексерістер жүргізілді. Қорытындысы бойынша 94 білім беру мекемесінің лицензиясы тоқтатылып, 335 әкімшілік іс қозғалып, 40 мекемеге қатысты іс

сотқа берілді. Бір білім беру мекемесінің лицензиясы қайтып алынды, — деді ол.

Сонымен бірге Б.Күзембаева департаменттің жергілікті атқарушы органдармен бірге бақылау шараларын жүргізуі білім беру саласының белгілі бір бағыттарын жетілдіруге қол жеткізгенін, бақылау шараларының тиімділігін көрсеткенін алға тартты.

—  Тексерістеркезінде білім беру ұйымдарында мамандықсыз орта біліммен жұмыс жасап жүрген педагогтер және білім беру ұйымдары педагогтерінің сапалық құрамының сәйкес келмеуі фактілері жиі анықталды. Бүгінгі күні жоғарыбілімді педагогтердің үлесі және білім беру мекемелері педагогтерініңсапалық құрамы артты. Сонымен қатар білім саласындағы кадр тапшылығына,әсіресе шағын жинақты мектептерде жоғары білікті педагогтердің

жетіспеушілігіне байланысты 2016 жылдан бастап 6 мамандық бойынша кеңпрофильді мамандарды дайындау енгізілді.Білім беру ұйымдарыныңматериалдық-техникалық базасын жетілдіру,заманауи ақпараттық-техникалық құралдармен, оқулықтармен, оқуқұралдарымен, спорт құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі өзектілігінжойған жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың бұл бағыттағы жұмысы соңғыжылдары өте қарқынды жүргізіліп келеді, — деді Б.Күзембаева.

Шара барысында сөз алған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының басшысы Нұргүл Әбішева, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Лаура Қарабасова, ардагер ұстаздар Марта Малайдар, Жәния Мұхамбетовалар мереке иелерін құттықтап, білім саласында атқарылуға тиіс іс-шаралар туралы айтты.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button