Жаңалықтар

Шошқалар сатылып жатыр (Видео)

13 мамырда «Парижская коммуна ХХІ» ЖШС-нан мемлекет кірісіне 7027 459 824 теңге, жергілікті бюджет кірісіне 210 823 795 теңге көлеміндегі мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы ауданаралық экономикалық сотының шешімі шыққан болатын. 22 қарашада сол шешімді орындау барысында мемлекеттік сот орындаушысы А.Ерекенов шошқалардың жаппай қырылуын және Бестамақ ауылдық округі тұрғындарының наразылығын ескере отырып, ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 77-бабына сәйкес аталған серіктестіктегі шошқаларды комиссия шарты бойынша сатуға ауданаралық экономикалық сотқа өтініш жасады.

Ауданаралық экономикалық сотының 22 қараша 2021 жылғы №1513-19-00-2м/205 шешіміне сәйкес, сот орындаушысы А.Ерекеновтің өтініші қанағаттандырылды.

22 желтоқсанда облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы отырысындасот орындаушысы А.Ерекеновтің осы өтінішіне байланысты борышкердің жеке шағымы қаралды.

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы шешімі бойынша  ауданаралық экономикалық сотының шешімі өзгеріссіз және борышкердің жеке шағымы қанағаттандырылған жоқ.

24 желтоқсаннан бастап сот орындаушылары жоғарыда аталған сот шешімдерін орындауға кірісті.Мемлекеттік сот орындаушысының Қаулысына сәйкес 27 желтоқсанға дейін жалпы саны 792 тізілімге енген шошқа малы сатылды. Бұл жұмыстар жалғасатын болады.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button