Жаңалықтар

Әскери қызметші жүлдегер атанды

«Еліміздің Қарағанды қаласында ережесіз жекпе-жектен Әлем чемпионаты өтті», — деп хабарлайды Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі.

Чемпионатқа Қазақстаннан өзге, Әзірбайжан, Бангладеш, Беларусь, Германия, Грузия, Замбия, Зимбабве, Ирак, Иран, Қырғызстан, Қытай, Намибия, Нигерия, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Украина, Үндістан елдері қатысты.

Аталған әлем чемпионатында Ақтөбе гарнизонындағы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери базаның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі кіші сержант Қайсар Айтмағанбетов үшінші орынды иеленді.

— Тартысты додада 65 келі салмақта жүлделі орынға ие болған жерлесіміздің жеңісі үшін қуаныштымыз. Әлемнің түкір-түкпірінен жиналған мықтылардың арасынан суырылып шығу үлкен жетістік, — дейді қуанышты жаңалықпен алғашқылардың бірі болып бөліскен әскери базаның сержанты Мадияр Қалиев.

 А.БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button