Жаңалықтар

Жалған ПТР анықтама сатқандар ұсталды

Ақтөбелік ерлі-зайыптылар жалған ПТР анықтама сатып, табыс тауып келген.  Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, олар бұл іспен 2020 жылдың соңынан бастап айналысқан.  Полицейлер  33 жастағы Ақтөбе тұрғынының әйелімен алдын ала сөз байласып, медициналық орталықтардың бірінің дәрігерімен жалған ПТР анықтамаларын жасап, сатқанын анықтады.

Күйеуі Ресей Федерациясымен шекарадағы «Жайсаң» шекара бекетінде Ресейге баратын жүк көліктерінің жүргізушілеріне ПТР-тест тапсырғандығы туралы анықтама ұсынғаны белгілі болды. Жүргізушілердің деректерін зайыбына жіберіп, ал зайыбы жалған куәліктерді күйеуіне жіберіп отырған. Сотқа дейінгі тергеу барысында көрінеу жалған ПТР-тесттерін қолданған 10 азамат куәгер ретінде анықталып, олардан жауап алынды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы, 3-бөлігі «Көрінеу жалған құжатты пайдалану» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

А. МӘЛІКҚЫЗЫ.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button