Жаңалықтар

Смартфон сұрайтындардан сақтаныңыз!

Алаяқтардың тағы бір айласы анықталды. Олар енді «Қоңырау шалуға телефоныңызды бере тұрыңызшы» дейтін болыпты. Сақ болыңыздар!

Бір қарағанда зияны жоқ, алайда танымайтын адамның өтініші телефоныңыздан айырылуға себеп болуы мүмкін.

Соңғы аптада полицияға Ақтөбенің бірнеше тұрғыны көшеде белгісіз біреу келіп, ұялы телефонын қоңырау шалу үшін алып, қашып кеткенін айтыпты.

Оқиғаның бірі 14 шілдеде Тургенев көшесіндегі көлік жуу орнының жанында болған. 24 жастағы жігіт iPhone 11 ұялы телефонынан айырылып қалған.

Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдік бойынша жедел іс-шаралар жүргізіп, шара барысында 27 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті мұндай өтініш айтқандарға сеніп қалмауға, барынша сақ болуға кеңес береді.

А.БАЛЖАНАЙ.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button