Жаңалықтар

Екі адамның өмірін қиды

Ақтөбе қаласының 4 мектеп директоры мінген көлік жол апатына түсіп, екі адам қайтыс болды, екеуі ауруханаға жеткізілді.

Облыстық полиция департаменті берген дерек бойынша 19 маусым күні сағат 20.20-да Ойыл ауданының 102 телефонына Қобда-Ойыл автожолының 156- шақырымында көліктің аударылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Салонда жүргізушіні қоса алғанда 4 әйел адам болған.

Ресми дерекке сүйенсек, «Тойота Ленд Крузер Прадо» автокөлігінің жүргізушісі Ойыл ауылынан Қобда ауылына қарай жүріп келе жатып, рөлді басқара алмай, автокөліктің қозғалыс бағыты бойынша сол жаққа аударылып қалған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Олар — №33 мектептің директоры Альмира Орақова мен №20 мектеп-гимназияның директоры БағдадОрынбаева. Тағыекіжолаушы — №25 мектептің директоры ШолпанБаядилова мен Новый орта мектебінің директоры Ақгүл Қисықова бірнеше жарақат алып, Ойыл аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.

Ойыл аудандық ауруханасының бас дәрігері Сәндібек Нұрбаевтың айтуынша, медицина қызметкерлері тәулік бойы науқастардың денсаулығына жіті бақылап отыр.

Шолпан Баядилованың жағдайы ауыр, ал Ақгүл Қисықованың жағдайы орташа ауыр. Сынықтар, жабық бас сүйек-ми жарақаттары бар. Сол себепті әзір ауруханадан шығатын жағдайда емес. Бізге облыстық медициналық орталықтан мамандар келеді. Науқастар біздің ауруханада ма, әлде Ақтөбе қаласындағы ауруханада емделеді ме, оны сол дәрігерлер шешеді, — дейді аудандық аурухананың бас дәрігері.

Ол жол апаты болған жерге санитарлық авиация барды деген ақпараттың жалған екенін айтты.

Санитарлық авиация болған жоқ. Біз ақтөбелік әріптестерімізбен телефон арқылы кеңестік. Дәл қазір науқастардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Олардың денсаулығын жақсарту үшін барлық жағдай жасалып жатыр, — дейді Сәндібек Нұрбаев.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button