Жаңалықтар

Балаларға — ойын алаңы

Ойынсыз балалық болмайды. Бала атаулы ойынмен өсіп, ойын арқылы бір-бірімен араласады, көпшілік ортасындағы өмірге үйренеді.

Алға ауданында биыл балалар үшін 59 ойын алаңын салу жоспарланған.

Мысалы, Маржанбұлақ ауылының жаңа құрылыс жүріп жатқан Батысауданында жаңадан балалар алаңы салынып, пайдалануға берілді.

Бұл жөнінде аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Алдағы уақытта Маржанбұлақтағы осыалаңның аумағын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары да жүргізіледі.

Сонымен қатар аудан орталығындағы көпқабатты үйлердің ауласына ойын алаңдары салынады, ал 3 аулада ойын алаңымен қоса шағын спорт алаңыда пайдалануға беріледі. Қазіргі күні 3 көпқабатты үйдің ауласында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Ал ата-аналар осы ойын алаңдарындағы балалардың қауіпсіздігі мәселесіне көңіл бөлгендері жөн. Ойынға шыққан балаларға, әсіресе бөгде адамдарға ермеу, басқа баланың айтуымен алысқа кетпеу, танымайтын үйге бармау, өзінен кіші бүлдіршіндерге зәбір көрсетпеу секілді ескертулерді жиі айтып отырыңыз.

А.САРЫБАЙ.  

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button