Жаңалықтар

Жаңа мекен, жаңа жағдай

Кітап адамның рухани серігі болса, ал кітапхана — кітап ордасы.

Қазіргі күні еліміздегі кітапханаларда оқырмандардың кітап оқып қана қоймай, компьютерде жұмыс істеуіне, дәріс тыңдауына, шеберлік сыныптарына қатысуына, кофе ішіп, жай демалуына жағдай жасау қарастырылады.

2019 жылы облыс орталығындағы «Нұр Ақтөбе»шағын ауданында қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты№13 кітапхана ашылған болатын.

Қазіргі таңда бұл ауданда 45 мыңнан аса тұрғын тұрады. Кітапхананың бұрынғы орналасқан жері тұрғындардың жолдан өтуіне, әсіресе егде жастағы жандардың жоғары қабатқа көтерілуіне қолайсыз болатын. Міне, осы жағы ескеріліп, кітапхана жуырда №60 жалпы білім беретін орта мектепке қарасты «Талант» қосымша білім беру орталығына көшірілді.

Осыған орай өткен салтанатты шарада балаларға арналған көңілді ойындар, концерт ұйымдастырылды, балмұздақтар таратылды.  Біз енді оқырмандарымызды жаңа мекенжайда («Қарғалы» тұрғын алабы, 11В) асыға күтеміз.

 

ГүлзайдаТАМАБАЙ,

Ақтөбе қалалық орталықтандырылған

кітапхана жүйесінің әдіскері.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button