Жаңалықтар

Провизорлық госпитальдарға ауызсу жеткізілді

Кәсіподақ

Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлері салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Нәзира Табылдинованың бастамасымен бастауыш кәсіподақ ұйымдары жетекшілері бірлесіп, қаладағы провизорлық госпитальдарға қажетті заттарды алып берді. Бұл бастамаға Ақтөбе қаласындағы еріктілер клубы көмек көрсетті.

Жиналған қаржыға таза ауызсу ішуге арналған қондырғы, яғни куллер аппаратын, 20 литрлік бөтелкелердегі ауызсу мен бір реттік пайдаланатын стақан ыдыстар сатып алынды. Алынған заттарды  еріктілер клубы індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген Ақтөбе медициналық орталығы, «Шағала» шипажайы мен теміржол ауруханасындағы медицина қызметкерлеріне жеткізді.

— Ақтөбе тұрғындарының денсаулығын сақтау, олардың өмірлеріне араша болу жолында үлкен жауапкершілікпен өз міндеттерін қалтқысыз атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне осынау қиын кезеңде қандай қолдау танытсақ та артық емес. Бұндай шаралар жалғасын табады, — деді кәсіподақ жетекшісі Нәзира Табылдинова.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button