Жаңалықтар

Біздің тілші — «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы елімізде ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемісті еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ спортта жоғары жетістікке жеткен дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында беріледі. Биыл «Журналистика» аталымы бойынша бұл сыйлық әріптесіміз Айбек Тасқалиевке бұйырды.  

Елімізде «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы 1992 жылдан бері беріліп келеді.   Бұл — әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы сияқты 10 номинация бойынша тағайындалған мемлекеттік марапат.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, биыл «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының «Журналистика» номинациясын екі адам, яғни  «Хабар агенттігі» АҚ «Хабар» телеарнасы бағдарламалар өндірісі бөлімінің редакторы Мырзабек Түсіпов пен біздің Айбек Тасқалиев иеленді.

Мәртебелі сыйлығың құтты болсын, әріптес!

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button