Басты жаңалықтарЭкономика

Шағын және орта бизнесті қолдау көрінісі

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен «Атамекен» Ұлттық-кәсіпкерлік палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мәжілісін өткізді

Облыс басшысы жиынды аша отырып, 2017 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5 пайызға артып, 52 мың құрағанын атап өтті.

— Бұл салада экономикалық белсенді тұрғындардың 31 пайыздан астамы шұғылданады. Президенттің тапсырмасына сәйкес экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін 2025 жылға қарай 50 пайызға дейін ұлғайтуды жалғастырамыз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестегі өндіріс көлемі 720 миллиард теңгеге жетті. Мемлекеттің қуатты қоллдауы нәтижесінде биылғы жылы кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары бойынша облыста 20 миллиард теңгеге жеңілдетілген несиелер берілетін болады. Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы аясында республикалық бюджеттен шағын несиелеуді кеңейтуге 2 миллиард теңге бөлінді. «Атамекен» Ұлттық-кәсіпкерлік палатасына кәсіпкерлікті дамытуға белсенді қолдау білдіргені үшін алғыс сезімін білдіргім келеді, — деп атап өтті облыс басшысы.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке басымдық

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бұрынғыдай басымдық күйінде қала береді. Өткен жылы бюджеттен тыс қаржы есебінен құны 29 миллиард теңге болатын 73 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта 28 миллиард теңге тұратын тағы да 33 жоба қолға алынуда, оның ауқымында теннис орталығы, мұз сарайы, жеңіл атлетикалық манеж, ІТ-орталығы, балалардың милық салдануымен сырқаттанғандар үшін балалар оңалту орталығы, «Аналарға тағзым», ядролық медицина орталықтары, Check-Up орталығы, тағы басқалары бар.

— Біз сондай-ақ Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінің бірі болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытумен де жұмыс істеудеміз. Осы мақсатта өткен аптада Ақтөбеде әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша бірінші халықаралық форум өткізілді, — деп атап көрсетті облыс әкімі.

Өз кезегінде Тимур Құлыбаев мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақтөбе облысында өте көп жобалар жүзеге асырылғанына назар аударды. Сонымен бірге кәсіпкерлер өз бастамалары бойынша біраз жобаларды жүзеге асырды.

— Бұл — облыс басшылығының еңбегі арқасында құрылымдалған бизнес-ахуалдың ауқымды нәтижесі. Бизнес пен билік арасындағы диалог — «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының құрылу себебінің өзі осыдан туындайды. Біздің орталық аппаратымыз республикалық деңгейде Үкіметпен, Мәжіліспен және Сенатпен жұмыс істейді. Сондай-ақ, бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша құқық қорғау органдарымен байланыстамыз, — деді Тимур Құлыбаев.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасы төрағасының айтуынша, бизнесті қорғау желісі бойынша 2013-2017 жылдары Ұлттық палатаға 22 мыңнан астам шағым-өтініштер түсті. Оның 40 пайызына дейін оңды шешімін тапты. Соның нәтижесінде 92 миллиард теңге сомасына кәсіпкерлердің мүліктік құқықтары қорғалды. Бұл — өзгертілген айыптар, өсімдер, мемлекеттік органдар арқылы бизнесмендерге қайтарылған қаржы және кәсіпкерлер үшін сақталған мүліктер.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 20 мың   нормативті-құқықтық актілер жобасы мен заң жобаларының экспертизасын өткізді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ескертулері мен ұсыныстарының 73 пайызы шамасы мемлекеттік органдар тарапынан ескерілді. Мысалы, Ұлттық палатаның белсенді қатысуымен жаңа Салық кодексі жасалды, онда шағын және орта бизнес үшін арнаулы салықтық режимдер және қосымша құн салығы бойынша шек сақталды, әкімшілендіру оңтайлатылды.

Мемлекеттік әріптестік аясында жүзеге асырылатын жобаларды жоспарлау процедуралары айтарлықтай жеңілдетілді (7 айдан 3 айға дейін), ұзақ мерзімді тапсырыс енгізілуде.

Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын пилоттық енгізу білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басталып та кетті.

Ең бастысы — қолайлы бизнес ахуал

— Жергілікті атқарушы биліктің басты міндеті — қолайлы бизнес-ахуалды қалыптастыру деп өте дұрыс айтылды. Бизнесмендер қандай да бір әкімшілік кедергісіз, алды-артына алаңдамастан қалыпты жұмыс істеуі керек. Біз Президенттің тапсырмасын орындай отырып, бизнестің дамуы үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Қазірдің өзінде нәтижелер бар. Біз үшін экономиканың өсу қарқынын сақтау өте маңызды. Өткен жылы біз 5%-дық нәтижеге қол жеткіздік. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша өсім — 4,5%, — деп атап көрсетті Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі айтып өткендей, бұл ретте ақтөбелік кәсіпкерлердің ауқымды еңбегі бар. Қазіргі уақытта экономикалық белсенді тұрғындардың 32%-ы ғана шағын және орта бизнеспен шұғылданса, 2025 жылға қарай ол көрсеткіш 50%-ды құрауы тиіс.

— Біздің бизнесмендеріміздің биылғы бірінші тоқсандағы шығарған өнімі көлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 5 пайызға ұлғайды, — деп атап өтті облыс басшысы.

Селодағы бизнесті дамытуға қатысты ауқымды жұмыстар жүргізілді. 2017 жылы Ақтөбе облысы «Бастау» жобасын жүзеге асыру бойынша пилоттық аумақ болып табылды. 1125 жұмыссыз және жұмыспен өздері шұғылданатын ауыл тұрғындары бизнес негіздеріне оқудан өтті. Ағымдағы жылы оларды қамту екі есеге дейін ұлғаяды. Биылғы жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға Ақтөбе облысында 4,9 миллиард теңге қарастырылды.

Облыс басшысы сондай-ақ өңірде кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдауға, әкімшілік кедергілерді қысқартуға айрықша көңіл бөлініп отырғанын атап көрсетті.

Негізінен алғанда, проблемалық мәселелерді анықтау және оларды шешу үшін жұмыс тобы құрылды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша әртүрлі деңгейдегі 32 әкімшілік кедергі анықталды, оның 17-і оңды жағынан шешімін тапты, қалғандары бойынша республикалық деңгейде жұмыстар жүргізілуде.

Биылғы жылы 15 проблемалық мәселе анықталды, оның 10-ы қазірдің өзінде дұрыс шешімін тапты. Бұдан басқа, бизнес субъектілерін тексеруді сәйкестендіру мақсатында 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына бірлескен тексерулер жоспары бекітілді.

Тимур Құлыбаев өз кезегінде, 30 пайыздан асып отырған шағын және орта бизнестің көрсеткіштері атап өтуге тұрарлығына назар аударды, аймақтың индустриялды болуы, ірі кәсіпорындар, мұнай және тау-кен компаниялары жұмыс істеп тұрғандықтан шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін одан әрі дамытудың жоғары әлеуеті бар екендігі айтылды.

Кәсіптік білім берудің жаңа деңгейінде

Жаңа кадрларды кәсіптік-техникалық даярлаудың мәселесі маңызды тақырып ретінде қарастырылды. Облыс әкімі мен Ұлттық палата төралқасының басшысы бөлінген қаржыны тиімді пайдалану және сұранысқа ие мамандарды дайындау қажеттігіне назар аударды, бұл ретте облыстағы өңірлік кәсіпкерлер палатасына аймақ үшін қажетті кәсіптік кадрларға талдау әзірлеу тапсырылды. Мысалы, өткен жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында кәсіпорындар базасында кең таралымды жұмысшы кадрларын (тас қалаушы, ұста, дәнекерлеуші, аспаз және басқалары) қысқа мерзімді оқыту қолға алынды.

— Біз өзіміздің азаматтарымызды кәсіптік оқыту мен қайта даярлау мәселесіне ұдайы айрықша көңіл бөлеміз. Теория мен практика қатар жүретін дуальды білім беру туралы дұрыс айтылады. Осындай жағдайда ғана оң нәтижеге қол жеткізіледі. Біздің облысымызда «Бастау» бағдарламасын жүзеге асыру жақсы нәтижелерін берді. Қандай да бір проблемалар туындайтын аудандарда бұл жақсы болды. Ол жерлерде қыз-келіншектер өз бизнестерін құрылымдап, қазірдің өзінде жұмыс істеуде. Біз республикамызда алғашқылардың қатарында «Халық кеңсесін» іске қостық, онда жұртшылыққа қызметтің 600 түрі көрсетіледі, — деді Бердібек Сапарбаев.

— Қазіргі уақытта кадрларды колледждерде 3 жыл дерлік дайындаудың экономикалық мәні жоқ, оның 1,5 жылы мектеп бағдарламасына арналады. Өткен жылы 189 кәсіпорындар жанындағы 189 оқу орталығында 8 мыңдай адам оқыды. Кадрларды даярлаудың мерзіміне олар тездетіп еңбек етіп, өздерін-өздері қамқорлап, табыс табатындай тұрғыдан қарауымыз керек. Кадрларды даярлаудың дұрыс векторын бірлесіп жасауымыз керек, — деп Тимур Құлыбаев кәсіптік білім беру туралы ойын білдірді.

Жиын соңында ұлттық кәсіпкерлік палатасы төралқасының төрағасы қазіргі уақытта палатада квазимемлекеттік сектор және ұлттық холдингтер үшін мемлекеттік сатып алу бойынша жеткізілім үшін отандық тауар өндірушілердің тізімі құрылымдалып жатқанын жеткізді.

— Таяу уақытта «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесіп Жол картасына қол қою жоспарланды, олар өз сатып алымдарынан барлық ірі тауарлық ұстанымдарын бөледі. Бұл тізімге өндірістік алаңдары, еңбек ұжымдары, тиісті біліктіліктері бар жергілікті кәсіпорындарды енгізу үшін Ақтөбе облысы әкімдігі жақсылап жұмыс істеуі керек. Осы кәсіпорындардың базасында басқа да салаларды дамытып, өндіріс желілерін кеңейтуге, жаңғырту жүргізуге, шағын бизнесті сервиске қосуға болады. Сіздерде қуатты индустриялды аймақ қалыптасқан. Мұндай ірі бағдарламаға сіздер белсенді түрде қатыса аласыздар ғой деп ойлаймын, — деді Тимур Құлыбаев.

Ұлттық кәсіпкерлік палатасы басшылығы өңірлік палатаның кеңейтілген мәжілісіне осымен үшінші рет қатысып отырғанын облыс басшысы атап көрсетті.

— Бүгін мұнда көптеген кәсіпкерлер келіп отыр. Олар өздері үшін жақсы ақпараттар алды. Біз өз бизнесмендерімізді қолдап келдік және алдағы уақытта да қолдай беретінімізді айтқым келеді, — деп түйіндеді облыс әкімі сөзін.

Тимур Құлыбаев облысқа жұмыс сапары аясында бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандардың — Есет батыр атындағы мектеп-интернаттың, «Олимп» хоккей модулінің, Өнер орталығы сарайының, Шығармашылық академиясының, офтальмологиялық емхананың, Жекпе-жек сарайының қызметімен танысты. Сондай-ақ «Қазақ халқына мың алғыс» стеласын, салынып жатқан «Аналарға тағзым» орталығын, жедел жәрдем стансасын және тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимаратын көрді.

Владимир БУРЬЯНОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button