«Ақтөбе — құтты мекен»Басты жаңалықтар

Бүгін Ақтөбеде «Туған жер» форумы басталды

Құрметті ақтөбеліктер!

Қымбатты жерлестер!

Бүгін біздің облысымызда «Туған жер» республикалық форумы өз жұмысын бастайды. Кіндік қаны тамған жерге  келіп, туған топырағына  тағзым етуге мүмкіндік тапқан барлық жерлестерімізге алғыс айтамын.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу — шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап көрсетті.  Сондай-ақ Мемлекет басшысы өздері туып-өскен өңірге көмек көрсеткісі келетін жерлестердің бастамасын жан-жақты қолдауға шақырды.

Тәуелсіздік жылдарында Елбасының  дана басшылығының арқасында  біз жаңа мемлекет пен тиімді жұмыс істейтін экономикалық жүйені  құрып қана  қоймай,  қазақстандықтардың өзіне және жалпы әлемге жаңа көзқарасын да қалыптастырдық.

Ақтөбе облысы өз  тұрғындарының тынымсыз еңбегі нәтижесінде Қазақстанның экономикалық дамуына лайықты үлес  қосып келеді.  Бірегей табиғи байлыққа, адами, сондай-ақ өнеркәсіп, тасымал әлеуетіне ие  біздің өңір  қазіргі уақытта  Қазақстанның неғұрлым серпінді дамып келе жатқан облыстарының  қатарына енді.

«Туған жер» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында «Туған жерге тағзым!» акциясы жүзеге асырылуда.  Бұл — бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көтеру мен  мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті белсенді дамытуға негізделген  ауқымды қайырымдылық бастамасы. Меценаттар мен демеушілердің қаржысына құрылыстар жүргізіліп, әлеуметтік құрылыстарды қайта құрылымдау және жарақтандыру, елді мекендерді көркейту, жолдарды жөндеу жұмыстары атқарылады, ауылдардың маңызды проблемалары шешімін табады.

Туған өлкенің дамуына көмек көрсетіп, жаңа әлеуметтік құрылыстарды қолға алған азаматтардың барлығына ризашылығымды білдіріп, барша  ақтөбелік жерлестерімізді осы игілікті іске белсенді түрде атсалысуға шақырамын!

Сіздерге мықты  денсаулық, игіліктер мен табыстар тілеймін!

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button