Басты жаңалықтарМереке

Ақтөбеліктер жаңа жылды Тұңғыш Президент саябағында қарсы алды

Жылдың соңғы күніндегі аяз бен бұрқасын желге қарамастан, қаламыздың Тұңғыш Президент атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағына халық көп жиналды.

Саябақтың сахнасында жергілікті әншілер мен өнерпаз ұжымдары өз өнерлерін көрсетті. Жаңа жылды қарсы алуға жиналған ақтөбеліктер мен қала қонақтары да белсенділік танытты. Олар жылдың ең басты мерекесінің символы — жасыл шыршаны айнала көңіл көтеріп, сахнада өнер көрсеткен өнерпаздарға қосылып ән айтты, би биледі.

Түн ортасы ауа қала халќының қуанышын бөлісу үшін орталық саябаққа облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстыќ мәслихаттың хатшысы Сәния Ќалдығұлова және Ақтөбе қаласыныњ әкімі Бекбол Сағын келді.

Өңір басшысы жиналған жұртшылықпен бірге мерекелік ќойылымдарды тамашалап, үлкен экраннан Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жаңа жылмен ќұттықтауын тыңдады.

Мерекелік шара дәстүрлі түрде жаңажылдық отшашумен аяқталды.

Айта кетейік, облыс басшысы Бердібек Сапарбаев ақтөбеліктерді Жаңа жыл мерекесімен түнгі 12.00-де жергілікті «Қазақстан-Ақтөбе» және «Рика ТВ» телеарналары арқылы құттықтады.

 

Қуат АҚМЫРЗАҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button