Басты жаңалықтарМереке

Қымбатты ақтөбеліктер!

 

Жаңа — 2016 жыл құтты болсын!
Өткен жыл маңызды оқиғаларға толы болды. Конституцияның 20 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын және Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өттік.
Мемлекет басшысы «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті, дағдарысқа қарсы жасалатын іс-әрекеттерімізді нақтылап, одан шығудың жолдарын көрсетті.
Өз кезегінде ақтөбеліктер де қазақстандық экономиканы дамытуға зор үлестерін қосып келеді.
Біздің ең басты міндетіміз — экономикалық өсу қарқынын сақтау, азаматтардың әл-ауқатын жоғарылату және жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыспен қамту мәселесін шешу, сондай-ақ, әлеуметтік-маңызы бар тауарларға бағаны ұстап тұру.
Облыс аумағында өнеркәсіп өндірісін дамыту, жаңа технологияларды кеңінен енгізу, әлеуметтік саланы нығайту бағытында ауқымды міндеттер іске асырылып жатыр.
Құрметті жерлестер! Әрбір адам баласы Жаңа жыл алдында өткенді таразылап, алдан үлкен үміт күтеді. Сол үміттеріміз ақталсын! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұрған 2016 жыл еліміз еңсе тіктеген, жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан жыл болсын!
Жаңа жыл әрбір шаңыраққа амандық, құт-береке, ырыс-несібесімен келсін!

Ізгі тілекпен, облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button