Жаңалықтар

Жастарды қолдау жөніндегі жол картасы бекітілді

Жастар саясаты

Облыс әкімі Асхат Шахаров төрағалық еткен жиында 2025 жылы жастармен жүргізілген жұмыстың қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде жастарды жан-жақты қолдау және дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді. Құжатта қалалық және аудандық әкімдіктерге, сондай-ақ облыстық басқармаларға жастарды қоғамдық-саяси өмірге тарту, жұмыспен қамту, білім беру және спорт салалары бойынша нақты міндеттер жүктелген.

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Әлімбек Тұрәлиевтің айтуынша, биыл жастардың қоғамдық-саяси шараларға қатысу үлесін 37 пайыз арттыру жоспарланып отыр. Бұл мақсатта қоғамдық кеңестер мен мәслихаттар құрамына жастар кіргізіліп, мемлекеттік қызметке 50 жас маман қабылданады. Сондай-ақ 20 мыңнан астам жас «Ақтөбе жастары» бағдарламасы, бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар және «Дипломмен— ауылға!» жобасы арқылы қолдауға ие болады.

Жұмыспен қамту мәселесіне де баса назар аударылады. 15 мыңнан астам жасты жұмыспен қамту, «Бастау Бизнес» жобасы мен онлайн-оқыту бағдарламалары аясында білім беру көзделіп отыр. Жұмыссыз жастар үшін тағылымдамалар, кәсіби оқыту және олардың санын мың адамға дейін азайтуға бағытталған жобалар қарастырылған. Сонымен қатар шамамен 190 мың жас ұлттық құндылықтарды дәріптеу шараларына, 110 мыңнан астам жас спорттық бағдарламаларға, ал 7 мың жас еріктілік қызметке бағытталады. Жастар шығармашылық жобалар мен инкубациялық бағдарламаларға, соның ішінде «IT Hackathon – 2026» және «Aqtobe Hub YouthIncubation Program» жобаларына қатысады.

Жол картасының іске асырылуын бақылау мақсатында 2026 жылғы 20 қаңтардан бастап әкімдіктердің жұмысын бағалауға арналған KPI жүйесі енгізілді. Басқарма басшысының атап өтуінше, қабылданған шаралардың басты мақсаты—жастардың дамуына нақты нәтижелерге қол жеткізу және олардың өңір өміріндегі рөлін арттыру.

Өңір басшысы жоспарланған шаралардың орындалуына қатаң бақылау жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Жасыл ел» жобасы бойынша жұмыстың басталу мерзімін қатаң бақылауды және биылға арналған жоспарлы көрсеткіштерді ескере отырып, жастарды толық жұмыспен қамтуды тапсырамын. Сондай-ақ, жұмыссыз жастармен жұмысты күшейту маңызды. Барлық іс-шара нақты мониторингпен сүйемелденуге тиіс, бұл қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Жастарды қоғамдық кеңестер мен мәслихаттар құрамына енгізуге ерекше назара удару қажет. Әр аудан жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жастардың өкілдігін қамтамасыз етуі үшін аудан әкімдерімен жұмыс жүргізуі керек,—деді Асхат Шахаров.

Өз тілшіміз.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button